Еңселі Елордаға - 21 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңселі Елордаға - 21 жыл

07.07.2019

Бүгін шілденің жетінші жұлдызы, кеше алтысы болды. Бұрындары бұл күннің басқалардан ерекшелігі жоқ еді. Ал бүгінде елдің бәрі біледі. 6 шілде - Елорданың туған күні. Тап осы күні Есілдің бойы елге толады. Мереке-думан болады. Осыдан 21 жыл бұрын Ақорда Арқа төсіне көшіп еді. Адам ғұмырымен өлшер болсақ, 21 жас - бұл «жапырақ мінез, жел көңіл» алып-ұшқан шақ. Десе де біздің бас қала осы аз уақыт ішінде әлем астаналарымен теңдесер батыл қадамдар жасады. Арқа төсінде әлемдік маңызы бар саяси шешімдер қабылданды. Елорда ел қазынасына қомақты қаржы құйып отырған донор өңірге айналды. 21 жылда көп дүние жаңарды. Елорданың саяси-экономикалық және әлеуметтік келбеті өзгерді. Өткенге көз жүгіртсек, сарыарқаның сайын даласына Елорданы көшіру туралы Елбасының бастамасына алғашында көпшілік күмәнмен қарап еді, утопияға балап еді.  Бірақ аңыз ақиқатқа айналды. Оны шындыққа айналдырған Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаев. Биыл Елбасының еселі еңбегі еленіп, Елордаға Тұңғыш Президенттің есімі берілді. Астана атауы Нұр-Сұлтан боп өзгерді. Өйткені Елорда мен Елбасы егіз ұғым. Назарбаевтың жанында болған саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері сол жылдардағы қилы да қиын кезеңді былайша еске алады.

 

Хабарламаларға жазылу