Беларусь астанасы Минскте тәуелсіздік мерекесіне арналған отшашу фестивалі кезінде 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь астанасы Минскте тәуелсіздік мерекесіне арналған отшашу фестивалі кезінде 1 адам қаза тапты

05.07.2019

Жергілікті және Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, мерт болған тұрғын – 65 жастағы әйел. Фейерверк жерге тым жақын жарылған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғадан тағы төрт адам жараланды.

 

Ал, парадқа бес мыңдай жауынгер мен 280 техника қатысып, тікұшақтар мен әскери ұшақтар әуеге көтерілді.

 

Шеру кезінде президент Александр Лукашенко жауынгерлер мен офицерлерге және көрермендерге қошемет білдіріп, ел армиясының аймақ тұрақтылығын сақтау үшін кез-келген геосаяси қауіпке қарсы тұруға дайын екенін мәлімдеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу