Қаржы мен мүлікті заңдастыру басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы мен мүлікті заңдастыру басталады

21.07.2014
Қаржы мен мүлікті заңдастыру басталады

Елімізде қыркүйек айының бірінен бастап қаржы мен мүліктің есеп-қисабы жасалады. Яғни, азаматтардың қолда бар құнды дүниелері заңдастырылады. Қаржы мен жылжымайтын мүлікті тіркеуден түсетін табысты ел экономистері есептеп те қойды. 12 миллиард АҚШ доллары.

Яғни, заңдастыру салық төлемейтіндерді тәубесіне келтіріп, көлеңкелі бизнестің тамырына балта шабады. Егемен ел болғалы бұған дейін екі рет заңдастыру науқанын еңсердік.

Алғашқысы 2001 жылы өтті. Онда ел қазынасына жарты миллиард доллардай кіріс түсті. Ал 2006-2007 жылдары өткен тіркеуде 800 миллиард теңгеге жуық дүние-мүлік заңдастырылды.

Айта кетерлігі, көлеңкедегі қаражатын заңды айналымға шығаратын азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайды. Әрі қомақты қаржыны ресми тіркеудің тиімді тәсілдері де қарастырылған.

Сапарбай Жұбаев, экономист-сарапшы:

Қайдан шықты, қай жақтан алдың деп сұрамайды, екіншіден егер де сен сол ақшаны банкке салсаң, саған салық салынбайды. Егер сен сол ақшадан инвестиция жасасаң, яғни, біздің компаниялардың акцияларын сатып алсаң, не  болмаса бір инвестициялық жобаға ақша салсаң, сауда орны ма кәсіпорын салатын болсаң, оған салық салынбайды. Ал егер ол ақшаны басқа жаққа жұмсады, өзіннің тұтынуыңа салам десең, 10 пайыздық салық салынады.

Қолыңызда бар қаражат пен жылжымайтын мүлігіңізді дұрыс заңдастырудың жолдары қандай деген сұрақ мазаласа, жауабын бүгін арнамыздан түнгі 23.30-да шығатын арнайы жобадан табасыздар.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу