Арыстағы снаряд қалдықтарын тазалауға 1300-ге жуық сапёр жұмылдырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы снаряд қалдықтарын тазалауға 1300-ге жуық сапёр жұмылдырылған

02.07.2019

Әскер инженерлік қызметкерлер қаланың төңірегін түгелдей тінтіп жатыр. Осы уақытқа дейін 11 мыңнан астам снарядпен жарылған заттардың қалдықтары табылған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Арыстағы ахуал қалыпты, тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуда. Қоғамдық тәртіп қырағы қадағалануда. Азаматтардың өтініштерімен арыз-шағымдарына құзырлы мекеме мамандары жедел жауап беруде. Төтенше жағдайдың себебі анықталуда және апаттан келген шығын есептелуде.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Өрттің шығу себебін әзірге айта алмаймын. Жедел тергеу тобы құрылған. Олар жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебін анықтау мақсатында барлық нұсқалар тексерілуде. Салғырттықтан бастап техникалық ақаулықтарға дейін назарға алынуда. Әзірге нақты неден болғаны белгісіз. Ал, кеткен шығын туралы айтсақ, алдын ала есеп жасалды. Қаланы қалпына келтіруге шамамен 20 миллиард теңге қажет. бірақ, бұл алдын ала жасалған есеп. Сондықан, ол сома өзгеруі де мүмкін.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу