Бүгін таң сәріден қала әкімі Алтай Көлгінов бастаған топ оларды ерекше сән-салтанатпен вокзалдан қарсы алды. Арыстағы төтенше жағдайдан кейін оқушылардың көңілін аулау мақсатында Елордада түрлі іс-шаралар арнайы ұйымдастырылмақ. 5-7 сынып аралығындағы оқушылар 10 күн бойы бас шаһардың әсем жерлерін аралап, тамашалайды. Бұл бастамасы ғана. Осындай қарқынмен бас қала жаз бойы арыстық 10 мың баланы қабылдауға дайын. Ал жалпы, қазірдің өзінде Арыс қаласының 4000-нан астам оқушысы елдің әр өңірінде демалып жатыр. Шаһар басшысы оқушылар үшін бұл естен кетпес демалыс болатынын айтты.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Балалардың қауіпсіздігі біріншіден. Барлығы бір жерде болуы керек. Университеттердің жатақханалары бар. Әрине бәрі көмектескісі келеді. Бірақ бәрі ұйымдасқан түрде болу керек. Бір жерде жатады. Колледжің, университеттің жатақханасында. Себебі боған біз жауап береміз. Ата-аналар бізге сеніп жіберіп отыр.