80 тонна гуманитарлық көмек Арысқа аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

80 тонна гуманитарлық көмек Арысқа аттанды

28.06.2019

«Нұр-сұлтан қаласы Арыспен бірге»! Осындай жазуы бар 80 тонна гуманитарлық көмек Арысқа аттанды. Бұл – кәсіпкерлер мен жастар ұйымдарының, әкімдік өкілдерінің күш салуымен Елорда халқынан жиналған гуманитарлық көмектің екінші легі. Кеше 3 жүк көлігі жолға шыққан болатын. Бүгін 20 тонналық 4 жүк көлігі жөнелтілсе, ертең тағы 3  көлік аттандырылады. Алғашқы екі күнде елордалық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар Арысқа көмек ретінде бір күндік еңбекақы есебінен 200 млн. теңге аударды. Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіруге 19 құрылыс жасағы құрылды. Әр жасақта кемінде 10 маман бар. Құрылыс материалдарын қала әкімдігі өз мойынына алып отыр. 50 ерікті жас барып, тұрғындардың көшуіне көмектеспек.   

 

Ерлан Қаналимов, Қала әкімінің орынбасары:

 

Бүгіннен бастап Арыс тұрғындары  өздерінің үйлеріне оралады. Сондықтан әрқайсының үйлерін тез уақытта әкімшілік қызметкері, төтенше қызметкерлері қарсы алып, келтірілген нұсқан бойынша АКТ толтырылады.  Сол АКТ бойынша құрылыс басталады. Біздің Елордада 19 құрылыс бригадасы  қалыптастырылды.  Жалпы айтқан кезде, терезелер, төбедегі шатырларды 1 айдың ішінде қайтадан қалпына келтіреміз.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу