«Қатаң тәртіптегі» балабақша - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қатаң тәртіптегі» балабақша

27.06.2019

Ақтаудағы № 55 ші балабақшаның тәрбиешілері бүлдіршіндерді ұрып-соққан. Балаларды сағаттап орындықтан тұрғызбай, ойыншық сұрап қимылдағандарға сес көрсеткен.
 

Тәрбиеші мен бала күтушінің осындай әрекеттері бейнекамераға түскен. Мұны көрген ата-аналар шу көтерді. Ашынған аналар бүлдіршіндерге қысым көрсеткен балабақша қызметкерлерін жазалауды талап етіп отыр. Осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру басталды. Білім бөлімінің мәліметінше бала күтуші маман мен тәрбиеші жұмыстан қуылды.
 

Еңлікгүл Қанатбаева ата-ана:

- Барлық видеоларды қарасаңыз барлық балалар бір орнында қозғалмай отырады. Орынан тұрса нұқып, соғып жібереді. Жақсы бірдеңе оқытып, бір нәрсе үйретіп жатса екен. Жоқ. Балдар солдат сияқты. Бұл конслагерма? Директор бізге жауап берсін.

Зейнет Тұрлан комиссия мүшесі:

- Қызметтік тексеріс бойынша жан-жақты қаралады. Зерделеу барысында тағыда сараптау жұмыстары қосалқы жүргізілетін болса, ол да қаралады. Әрине, бұл жерде баланың мүддесі қорғалу керек.

 

Хабарламаларға жазылу