Бүгін – Полиция қызметкерлері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Полиция қызметкерлері күні

23.06.2022

Бүгін – Полиция қызметкерлері күні.

Отыз жыл бұрын дәл осы күні ішкі істер органдары туралы заң қабылданып, Қазақстан полициясы құрылды. Ал 2007 жылы осы күні Қазақстанда «Полиция күні» ретінде бекітілді. Содан бері үздіксіз тойланып келеді. Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, еселі еңбегімен көзге түскендер марапатталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан полициясы сервистік модельге көшу реформасы жүзеге асырылып келеді. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторының жаңа бейнесін қалыптастыру бағытында біраз жұмыс қолға алынды. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының мәртебесі заңды түрде артып, өкілеттері кеңейтіліп жатыр. Полиция өкілдерінің жұмыс формасы да өзгерді. Бұрынғы қатаң тәртіптегі киімнің орнына ыңғайлы, ықшам стильдегі формалар енгізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу