Арысқа 91 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арысқа 91 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

26.06.2019

Керекуден Арысқа қайырымдылық жүгі тиелген керуен шықты. "Өзгенің қайғысын өзімдікі" деп білетін халқымыз жомарттығын көрсетті. Айналасы екі күннің ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін штабқа 91 тонна жүк жиналды. Жарылыстан зардап шекккен тұрғындарға картоп, ұн, сары май, сүрленген ет, өсімдік майы, күріш, қант, төсек орын, балалардың ойыншығына дейін жиналды. Жұрт күндіз-түні ағылды. Сары майдай сақтағаным сарқылды демеді. Жиған-терген, барын берді. Ендігі міндет – ел аманатын аман-есен жеткізу. Павлодардан Арысқа дейінгі аралықта 2 мыңдай шақырым жол жатыр.

Бауыржан Бекмырзаев, жеке кәсіпкер:

Павлодардан 5 үлкен жүк көлігі, Екібастұздан тағы бір жүк көлігі шыққалы жатыр. Азық-түлік, көрпе-төсек, адам баласына керек жарақтың барлығы бар.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу