Батысқазақстандықтар Қостанайдағы ағайынға 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандықтар Қостанайдағы ағайынға 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

12.09.2022

Облыс әкімдігі, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің заттай жәрдемі, сондай-ақ AMANAT партиясының қабылдау пункттерінде жиналған көмектің бәрі жүк көліктеріне тиеліп, Әулиекөл жұртына жөнелтілді. Азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастықпен қоса, оқу құралдары да бар. Батысқазақстандықтар арнайы есепшоттарға да қаржы аударып жатыр. Алдағы күндері құрылыс материалдарын жіберу де жоспарланып отыр.

Нұргүл Ашықова, кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты:

Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы, кәсіпкерлер, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары бар, бәрі бірігіп қолұшын созуда. қостанайлықтармен біргеміз. Әрқашан көмекке дайынбыз.

Кәрім Сүлейменов, Батыс әскери тобы ардагерлері облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Қандай көмек керек дегенде, балалардың оқу құралдары керек деді. Бүгін көлік кететін болғасын, тез-тез әкеп тұрғанымыз. Бұл енді соңғы көмегіміз болмас, әлі де жиналып, көмектесеміз. Қостанай халқына сабырлық, амандық тілейміз.


Хабарламаларға жазылу