Арыстағы төтенше жағдайға байланысты бүгіннен бастап 10 жолаушы пойызы жүру бағытын өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты бүгіннен бастап 10 жолаушы пойызы жүру бағытын өзгертті

26.06.2019

Бұл туралы бүгін Теміржол компаниясына қарасты «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп хабарлады. Айтуынша, Шымкент-Арыс-Түркістан бағытындағы пойыздар Жезқазған-Сексеуіл арқылы өтеді. Егер, жолаушылар жол жүруден бас тартқан жағдайда, оларға билет құны толық көлемде қайтарылады. Арыстағы жағдайға байланысты бұған дейін 13 жолаушы пойызы «Жезқазған-Жарық» үзігі арқылы жүрген болатын. Сонымен қатар, автобустар мен автокөліктер қосымша жұмылдырылып жатыр. Айта кетейік, екі күнде 11 мың жолаушы тасымалданса, оның 2 мыңы автокөлік арқылы діттеген жеріне жеткен. Теміржол компаниясы жолда қалған жолаушыларды тегін тамақ пен ішетін сумен қамтамасыз етуде.

 

 

ПОЙЫЗ №

ХАБАРЛАМА

АРАЛЫҒЫ

1.

7/8

АЛМАТЫ-САРАТОВ

КҮНАРА

2.

21/22

ҚЫЗЫЛОРДА-СЕМЕЙ

КҮН САЙЫН

3.

23/24

АҚТӨБЕ-АЛМАТЫ

КҮНАРА

4.

29/30

АЛМАТЫ-АТЫРАУ

КҮНАРА

5.

33/34

АҚТӨБЕ-АЛМАТЫ

КҮН САЙЫН

6.

41/42

АТЫРАУ-АЛМАТЫ

КҮНАРА

7.

71/72

АЛМАТЫ-ТҮРКІСТАН

КҮНАРА

8.

91/92

НҰР-СҰЛТАН-ҚЫЗЫЛОРДА

КҮНАРА

9.

377/378

МАҢҒЫСТАУ-АЛМАТЫ

КҮН САЙЫН

10

379/380

АЛМАТЫ-ОРАЛ

АПТАСЫНА 2 РЕТ

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:

Участок ашылғанна нкейін ғана бұл пойыздардың бұрынғы бағыттары жанданады. Әзірге бұл участок жабық. Сол себепті, қазіріг таңда барлық жолаушылар жаңа жол бойынша тасымалданып отыр. Сонымен қатар, Түркістан мен Шымкент қалаларының арасында автокөлік қатынасы бар. Ол жергілікті атқару органдарының көмегімен біздің әріптестермен Қызылорда-Жамбыл-Түркістан әкімдіктерімен бірлесіп, біз барынша жол үстінде қалып қойған көлік, автобус арқылы тасымалдап жатырмыз.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу