ХҚКО төтенше жағдайға байланысты жұмыс істеу тәртібін өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО төтенше жағдайға байланысты жұмыс істеу тәртібін өзгертті

20.03.2020
ХҚКО төтенше жағдайға байланысты жұмыс істеу тәртібін өзгертті

Енді орталықтар кешкі беске дейін ғана жұмыс істейді. Тұрғындарға электронды порталдан онлайн түрде ала алмайтын құжат түрлері ғана ұсынылады. Қалғанын e.gov порталынан, электронды үкіметтің мобильді қосымшасынан және телеграм желісінен алуға болады. Сонымен қатар, халық кезектерін орталық ішінде емес сыртында күтеді. Себебі, сақтық шараларына байланысты, орталықта бір мезетте 20 адамға дейін ғана қызмет көрсетіледі. Бұдан бөлек, электронды цифрлық қолтаңбаны да орталыққа бармай-ақ, электронды түрде алуға мүмкіндік туады.

Назым Қайрат

Хабарламаларға жазылу