Арыстың 250-дей баласы лагерьлерде демалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстың 250-дей баласы лагерьлерде демалады

25.06.2019

Арыс қаласының балалары  Ақмола облысының лагерлерінде тегін демалады. Бүгінде облыс аумағында орналасқан балалар сауықтыру орталықтары 250-ге жуық баланы қабылдауға дайын. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаюы да мүмкін. 100 орын Көкшетау қалалық білім бөліміне қарайтын мекемелерге тиесілі. Сонымен қатар, қалалық білім беру жүйесінің 4 мыңға жуық қызметкері бір күндік жалақыларын зардап шеккен жандарға көмек көрсетуге аудару туралы шешім қабылдады. Осындай ізгі ниетті облыс орталығының басқа да ұйымдары мен кәсіпорындары көмек көрсетуге әрекет жасап жатыр. Арыстағы ағайынға жәрдем жолдау үшін арнайы штаб та жұмысын бастаған

 

Бейбіт Әйтімов, Қалалық білім бөлімінің басшысы:

 

Бізде қала сыртындағы екі балалар сауықтыру орталығы бар.  Атап айтсақ, "Чайка" және "Сокол" балалар сауықтыру лагерлері. Олардың әрқайсысы 50 баланы қабылдайтын болады. "Чайка" балалар сауықтыру орталығына   келушілердің бірінші легі 6- шілдеге жоспарланған. Ал, "Сокол" орталығы  12- шілдеден бастап қабылдайды. Балалардың жас ерекшелігі әлі белгісіз. Бұл мәселемен Ақмола облысы әкімдігі жанынан құрылған штаб айналысатын болады.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу