Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіруге тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіруге тапсырма берді

25.06.2019

«Арыс қаласындағы қалыпты өмір тез арада қалпына келтірілуі тиіс». Бүгінгі Үкімет сағатын Премьер-министр Асқар Мамин осындай тапсырмамен бастады. Қазіргі таңда шаһардағы барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке, орай адам шығыны бар. Ресми мәлімет бойынша, екі адам қаза тапқан. Жарылыс салдарынан тұрғын үйлерге, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға, қала тіршілігін қамтамасыз етуші нысандарға тигізілген залал бар. Алдағы күндері апаттан келген зиянды арнайы комиссия бағалап, нақты шешім шығармақ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министр:

Құрметті әріптестер, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, комиссия Арыс қаласындағы тұрғын үйлерге, әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға залалды анықтайды. Тиісті шешімдер қабылданып, қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі. Үкімет тарапынан қажетті шаралар атқарылатын болады. Бүкіл ел қиындықты еңсеруге атсалысуда. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында қаражат жинау бастамасын қолға алды. Көңіл айтамыз.

Ғабит БӨКЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу