Қызылорда облысы Шиелі ауданының 29 жастағы тұрғынын кене шағып, қайтыс болды. Ол осыдан бірнеше күн бұрын ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Зертханалық сараптама нәтижесінде науқастың қырым қанды безгегіне шалдықты деген диагнозы расталды. Тиісті ем жан-жақты көрсетілгенімен, шиелілік азамат бүгін көз жұмды. Онан басқа тағы бір Қызылорда қаласының тұрғынын да кене шаққан. Ол да қайтыс болды.
Жақсылық Әбдусеметов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Екінші жағдай Сабалақ елді мекенінен 1985 жылғы азамат. Ол да ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Оған да тиісті емдер тиісті клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Бірақ, нәтиже болмай, ол науқаста қайтыс болды. Бірақ, айта кететін жағдай, екінші науқаста қырым қанды безгегі диагнозы зертханалық негізде әлі нақтыланған жоқ.
Ақерке Берікбекқызы