Статистика агенттігі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Статистика агенттігі есеп берді

15.07.2014
Статистика агенттігі есеп берді

Жыл басынан бері еліміздегі импорт тауарлардың көлемі азайған. Мамандар мұны доллар бағамының күрт көтерілуімен байланыстырады. Есесіне экспорт артып отыр.

Мәселен, Статистика агенттігінің мәліметінше, жылдың алғашқы алты айында сыртқы сауда айналымы 50 миллиард 934 миллион АҚШ долларына жеткен. Оның 35 миллиарды экспорт, 15 миллиарды импорт тауардың сомасы.

Қазақстаннан сыртқа тасымалданатын тауардың дені - астық, мұнай металл және химиялық шикізаттар. Ал, импорттың 93 пайызы азық-түлік пен машина жасау саласы өнімдері.

Бүгін агенттік басшысы азық-түлік бағасының 5,5 пайызға, тұрмыстық заттардың 4,7 пайызға, ал, ақылы қызмет түрінің 4 пайызға қымбаттағанын айтты. Сондай-ақ, көші-қон жағдайына да тоқталды.

Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:

Негізгі көші-қон ТМД елдерінен болып отыр. Бірақ, көші-қонның деңгейі өте төмен. Бес ай ішінде 7 мыңдай адам кетіп, 7 мыңдай адам келген.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу