«ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтеді

16.07.2014
«ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты жинақтың тұсаукесері өтеді

17 шілде күні Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде «ТМД-дағы жастар: статистикалық портрет» атты статистикалық жинақтың тұсаукесері өтпек.

Жинақта жастарға қатысты ең маңызды мәселелер қамтылған. Олардың қатарында демография, көші-қон, денсаулық, білім, жұмыспен қамту бар.

Жинақ турасында БҰҰ Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қор кеңсесінің суб-аймақтық директоры, ҚР ЮНФПА кеңсесінің директоры Николай Ботев, ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Жарқынбаев, ТМД Халықаралық статистика комитеті, әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының басшысы Ирина Збарская әңгімелейді.

Шараны ұйымдастырушы БҰҰ Шығыс Европа және Орталық Азия елдеріндегі халық жағдайына қатысты қордың аймақтық кеңсесі, ТМД Халықаралық статистика комитеті және ҚР Статистика агенттігі.

Хабарламаларға жазылу