Жемқорлықтың ең үлкен көрінісі мемлекеттік қызметкерлердің іс сапары кезінде болады
Өңірлерге, аудандық жерлерге барған кезде қарамағындағы қызметкерлерден жатын орнын, жүріп тұру шығындарын, тіпті тамақтану ақысын төлетеді. Бұлай деп жемқорлыққа қарсы агенттікте өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Аудан орталығына барғаан бір кісі күніне 15, қалалық жерлерде 25 мың теңге шамасында жұмсауы керек. Ал, қарса алып жатқан тараптың арқасында олар ақша үнемдеп, пайда табады. Осы ретте агенттік өкілдері қоғамды бірлесе күресуге шақырып отыр. Ол үшін арнайы сенім телефоны да ашылды: 8-747-7-505-505
Мұрат Әбенов, республикалық Мониторингтік топтың мүшесі:
Тек қана ақшасын төлеген адамдар ғана емес, Сырттан байқап қалған адамдар да хабарлау керек. Әрине анау бизнес өкілі мықты. Ол әкіммен дос. Келген қонағының бәрін күтеді. Дастархан жаяды. Әрине тендердің бәрі соныкі дейміз. Сол себептен сырттан байқаған адамдар да сол уақытта суретке түсіріп, жаңағы сондай жағдай болса қарап, бізге хабардар ету керек.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
