Отбасылар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту заңмен қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасылар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту заңмен қорғалады

20.06.2019

Бұған жергілікті билік жүйелі түрде кірісетін болды. Өйткені «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде Елбасы «Бақытты отбасы» жобасын ұсынғаны баршаға аян. Қазір сол бойынша жол картасы жасақталып, түрлі деңгейдегі әкім түгелімен құжатқа қол қойды. Құжатта отбасыларды жан-жақты қолдау, туындаған мәселелерге қарай шешімін табу керектігі көрсетілген. Сондай-ақ жол картасында қосымша біліммен қамтуға басымдық беріліп отыр.

Дианара Зәкиева, Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары:

Аула клубтарының санын арттыру, тәуекел тобындағы жұмыс істеу үшін Аутрич жүйесін енгізу көзделді. Тағы қала маңында тұратын жеткіншектерді үйірмелерге тарту үшін көлік бөлдіруіміз тиіс. Бұдан бөлек әр баланың қауіпсіздіг қатаң ескеріледі. Мектептерде терезелерді бұғаттау, құдықтардың қақпағы ашық қалмауына, жарықтандыруға көңіл бөлінеді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу