Мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мектептерде білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мектептерде білім алады

19.06.2019

Мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мектептерде білім алады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Яғни, елдегі 4 мың білім беру мекемесі ерекше қамқорлықты қажет ететін баланы қабылдауға сақадай сай. Осы ретте, құзыретті ведомство арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, кадрларды дайындауды көздеп отыр. Білім базасы ең алдымен онлайн оқытудың түпқазығына айналмақ. Себебі, қазір, Қазақстанда 15 мыңдай бала үйде білім алып жатыр. «Бұл жақсы көрсеткіш емес» деген вице-министр, ерекше балалардың мүмкіндігінше сыныпта оқуына жағдай жасайтындарын жеткізді. Аталған қамқорлық мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын және құқықтарын қамту бойынша 2025 жылға дейін қабылданған ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, қазіргі күні елімізде 685 мыңнан астам мүгедектігі бар адам болса, оның 88 мыңдайы 18 жасқа дейінгі бала.

 

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

 

Ұлттық жоспар 7 бағытта жүзеге асырылады. Мүгедектіктің алдын алу және профилактика — бірінші бағыт. Екінші — білім беру қолжетімділігі, үшінші — кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта, төртінші — экономикалық дербестігі және сапалы жұмыспен қамту, бесінш — әлеуметтік оңалту және облитация тиімділігін арттыру, алтыншы — әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту, жетінші — қоғамдық сананы жаңғырту бағыты.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу