Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп берді

19.06.2019

Елде экономикалық өсім артып, экспорт көлемі 2,5 миллиард долларға ұлғайды. Қазақстанның сырт мемлекеттерге тасымалдайтын басты тауары - мұнай шикізатының саудасы 38 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кезінде айтты. Толығырақ Фариза Мұсақызы әңгімелейді.

 

Ғаламтор арқылы жүргізілетін онлайн сауданың үлесі былтыр 2 пайызға артып, көлемі 92 миллиард теңгеге ұлғайған. Сол себепті министр осы саланы одан әрі ынталандыру маңызды екенін айтты. Ол үшін кәсіпкерлерді табыс салығынан бірнеше жылға босату керек,- деп есептейді министр.

 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 

Біз Еуропа мен Қытай арасында орналасқан мемлекет болғандықтан, тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасындағы байланыс жақсы дамыған. Инфрақұрылымдық жағдай да жасалған. Сондай-ақ, сәлемдемелерді рәсімдеу үшін кедендік түзетулер енгізілген. Алға қойып отырған мақсатымыз Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайту.

 

Руслан Дәленов экономикадағы ең маңызды деген өзге 3 бағытты айқындады. Тарифтердің бағасын реттеу, өңірлердің экономикасын көтеру және кәсіпкерлікті дамыту.

 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 

Экономиканың тұрақтылығы кәсіпкерлікті дамытудан бастау алады. Осы мақсатта «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 247 миллиард теңге бөлінген еді. Оның негізінде 13 мың кәсіпкер шағын және орта бизнесіне қолдау тапты.

 

 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 

Жастар арасында некелесу санының азаюы 90-шы жылдардағы демографиямен байланысты деп ойлаймын. Ол кезде туу көрсеткіші төмен болған еді. Сол себепті үйлену жасына келгендердің саны бүгінде аз.

 

Ақпанның соңында ғана қызметіне кіріскен министр Дәленов осылайша халық алдына шығып, алғашқы есебін өткізді. Бүгінгі жиында министр айтқан басты жағымды жаңалық – оның болжамынша, мұнай бағасы жақын арада түспейді.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу