Парламент сенатында экология мәселесіне қатысты заңнамалар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент сенатында экология мәселесіне қатысты заңнамалар талқыланды

19.06.2019

Экологиялық айыппұлдардан түскен қаржы 100 пайыз табиғатты қорғау жұмыстарына бағытталуы керек. Парламент сенатында өткен Үкімет сағатында Жоғарғы палата төрағасы Дариға Назарбаева осылай деді. Қазір айыппұлдардан түскен қаржы жергілікті биліктің қажетіне жұмсалуда. Ал экологиялық мәселелер кейінге ысырылуда. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуы бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін береді. Дегенмен, бүгінгі мәселелер барша үкіметтің назарында болуы тиіс. Көршілес елдермен де шешілмей жатқан экологиялық сұрақтар бар. Себебі, әр елде заң талаптары әртүрлі. Осындай мәселелердің барлығына ереше назар аударуымыз қажет,- деді Дариға Назарбаева.

 

Дариға Назарбаева ҚР Парламенті сенатының депутаты:

 

Кей әкімдіктер экологиялық мәселелерді толық ысырып тастайды. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Ырғыз- Торғай» табиғи резерватында бір де бір өрт сөндіру көлігі жоқ. Жамбыл және Қостанай облыстарында орманды алқап көп болғанмен өртті бақылау мұнарасы жоқ. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін біз цифрлы технологияларды тартуымыз қажет. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

 

Хабарламаларға жазылу