Бірнеше қылмыстың түріне жаза күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше қылмыстың түріне жаза күшейеді

19.12.2019

Қылмыстық жаза күшейеді. Бүгін Парламент сенатында ұрлық, зорлық, тонау, заңсыз аң аулау сияқты қылмыстарға қатысты бірқатар заң жобалары талқыланды. Бас прокуратураның ұсынысы бойынша мұндай қылмыс жасағандар үшін жаза қатаңдатыла түспек. Мәселен, қолының қымқырмасы барлар зардап шегушімен татуласса да заң алдындағы жауапкершіліктен босатылмайды. Себебі ұрлық енді ауыр қылмыс түріне жатқызылмақ. Заң бұзушылықтың өзге түрлері үшін де жаза ауырлай түсетін болды. Ұсыныстар комитет отырысында мақұлданып, жалпы отырыста талқыға салынатын болды.  

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу