Қазақстанның түрмелерінде арнайы дайындықтан өткен психологтар жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның түрмелерінде арнайы дайындықтан өткен психологтар жұмыс істеп жатыр

18.06.2019

Олар сотталғандарды тәрбиелеу, қайта бейімдеу істерімен айналысады. Мұндай шаралар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бірлесе іске асырып жатқан бағдарламада қарастырылған.

 

Оңалту жұмыстары әзірге екі бас бостандығынан айыру мекемесіне пилоттық жоба ретінде енгізілген. Тиімділігі дәлелденсе, барлық түрмелерде іске асырылмақ. Бағдарламаны үйлестіру кеңесінің отырысында қос тарап алдағы жұмыстардың жоспары да түзілді.

 

Бекболат Шәкіров, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің басқарма бастығы:

 

Экстремизм терроризммен сотталған азаматтар 600-ге тарта сотталғандардың саны бар біздің мекемелерде. Олармен біз күнделікті жұмыс істейміз. Біз келген бетте оларға жеке программа ұйымдастырамыз. Босап шыққанан кейін, қайтадан қылмыс жасамау, қылмыс жасап, қайтадан мекемеге оралмау – ең басты мақсатымыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу