Саяхатшылар ретро көліктермен Пекиннен Парижге жолға шықты
Көлігің мең мақсатың болса, айға да жетуге болады. Осы ұранды ұстанған бір топ саяхатшы ретро көліктермен Пекиннен Парижге жолға шықты. Оның үстіне саяхат жарыс түрінде өтеді. Авто-ралли бүгін Елордаға келді. Бізге дейін Қытай, Моңғолия, Ресей елдерін басып өткен. Жарысқа 26 елден барлығы 120 спортшы қатысып жатыр. Олардың жастары да, көліктері де әр түрлі.
Жарысқа қатысып жатқан көліктердің барлығы ескі. Ең ескісі 1907 жылы жасалған екен. Ол әлі Қазақстанға жеткен жоқ. Дегенмен қазірше біздегі ең ескісі — осы. 1929 АҚШ-та жасалған. Байқасаңыздар дөңгелектерінің өзі ағаштан жасалған.
Қатысушыларға қойылған басты талап көліктерге заманауи құрылғы орнатуға болмайды және барлық қашықтықты өз күшімен жүріп өтуі керек. Бұзылған жағдайда қатысушылар өздері жөндеп алады. Басты проблема түрлі елде жүріп, қосалқы бөлшектер табу дейді қатысушылар.
Бұрынғының қол жетпес көлігі. Қазір де қол жетпейді. Себебі Риоритет саналады. «Құнын шамамен 200-300 мың доллардың арасында»,- деп отыр иесі.
Эндрю Барнес Жаңа Зеландиядан. Көлігі 1949 жылғы. Автораллидың болатынын естіп бірден қатысуға өтініш бердім. «Евразияны қақ ортасынан кесіп өтсем соның өзі мен үшін жеңіс»,- дейді ол.
Эндрю Барнес, жарысқа қатысушы, Жаңа Зеландия:
Мен үшін бастысы — саяхат. Көп елді көрдім, түрлі халықтың мәдениетімен таныстым. Моңғолияның даласында бұзылып, біраз қиындық та көрдік. Дегенмен бұл ралли сонысымен қызық.
Көліктерде электр құрылғылары жоқтың қасы. Ең күрделі бөлшегі қозғалтқышы. Сондықтан «олар алыс жолға төзімді және сенімді»,- дейді мамандар.
Анатолий Бондарь, Нұр-Сұлтан қаласы Авто-мото спорт федерациясының Президенті:
Бұл — коллекциялық көліктер. Барлығы 120 қатысушы болған. Қазақстанға жеткенше, 10 шақтысы бұзылып, жарыстан шықты. Қалғандары жолды толық жүріп өтуі үшін біз қосалқы бөлшектер алуға және көліктерін жөндеуге көмектесіп жатырмыз.
Бейжіңнен Парижге дейінгі жол 15 мың шақырым. Осы қашықтықты 35 күннің ішінде жүріп өту шарт. Жеңімпаздар Францияда анықталады. Автошеру ертең таңғы 7-де Европаға қарай жолға шықпақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
