Мақсат азаматтардың талап-тілегін орындау барысында кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл қабылдаудың ерекшелігі азаматтар өтінішін жеткізу үшін кеңсеге келгендегідей кезек күтіп сарылмайды. Аз уақытта өзін мазалаған мәселені айтып, тиісті жауабын алады. Акция сәуірде басталған. Айына екі рет ұйымдастырылады. Екі ай ішінде құқық қорғаушылар осындай тәсілмен мың жарымға тарта азаматты қабылдаған. Ал маусым айындағы алғашқы қабылдау тек қаланың орталығында ғана емес, тұрғын үйлердің ауласында да өтті.
Құрмет Мәжікенов, облыстық жергілікті Полиция басқармасының бастығы:
Оны да көрейік деп жатырмыз. Себебі көптеген мәселелер осы аулаларда туындайды. Соны бүгін бірінші рет өткізіп көріп жатырмыз. Егер өтініш, шағым көп болса онда осы акцияны аулаларда да көбейтіп жасаймыз келесі жолы.
Дәурен ӘБДІБЕК