Тұңғыш диктор Ләзиза Аймашева өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш диктор Ләзиза Аймашева өмірден озды

17.06.2019

Бүгін қазақтың тағы бір танымал тұлғасы дүниеден озды. Еліміздің тұңғыш тележүргiзушi қызы Ләзиза Аймашева дүниеден өтті.

Ол саналы ғұмырын қазақ телевизиясының өркендеуіне арнады.  Ләзиза Аймашева 1932 жыл 8 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданының Қаракемер ауылында туған. 1959 жылы конкурстық негізде телевизияға дикторлық қызметке келген. 1971 жылдан бері әр түрлі бағдарламалардың редакторы қызметін атқарған білікті маман 1977 жылы Қазақ теледидарының көркемдік жетекшісі болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары "Қазақстан" телеарнасының көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеген. "Кино туралы әңгіме", "Киносаяхат клубы", "Кино, уақыт, замандас", "Табиғат және біз" сияқты циклдік хабарлардың режиссері болған. Сондықтан телевизияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мәдениет қайраткерінің жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды, -дейді әріптестері.

 

Мұрат Әбзелбаев, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР мәдениет қайраткері:

Өзі бір жаны да сұлу, тәні де сұлу адам еді. Мынау жұмысқа келгенде өте принципшіл қатаң, ал енді. Мысалы, бір жаңалықты оқыған кезде сол хабар жақсы шықса керемет бір кішкентай қыз құсап қуанып, балаша қуанып сондай бір шын көңілмен езуінде күлкі ойнап шыға келетін жан еді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу