Нұр-Сұлтан қаласында болған жол апатының себебі айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында болған жол апатының себебі айтылды

14.06.2019

Биыл наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында үш автобустың қатысуымен болған жол апатының себебі айтылды. Полицияның алдын-ала нұсқасы бойынша қақтығысқа себепкер болған қоғамдық көлік жүргізушісінің жүрек соғысы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Ол ішкі органдары мен миының қан айналымына да әсер еткен.  Наурыздың 26-сы күні Қабанбай батыр көшесінің бойында жантүршігерлік апат болған еді. Жолаушылар толы автобус үлкен жылдамдығымен алдында тұрған қоғамдық көлікке барып соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы әйел көз жұмды. 33 адамға медициналық көмек көрсетілді. Полиция тергеу амалдарының ұзаққа созылуы жапа шеккендердің еміне байланысты екендігін айтады.

 

Нұрлан Мұқанов, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының бөлім басшысы:

Тергеудің ұзақ жүргізіліп жатқаны 33 адам зардап шекті. Оның 6-ы ауыр, 5 -і орташа ауыр жарақаттар алды. Сараптама жүргізу үшін медициналық карталарын алу керек. Ал олар емдік шаралар аяқталғаннан кейін алынады. Зардап шеккендер соның негізінде сотқа арыз бермек.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу