Газбен жүретін көліктерге көпқабатты ғимараттың астындағы тұраққа кіруге тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газбен жүретін көліктерге көпқабатты ғимараттың астындағы тұраққа кіруге тыйым салынады

05.06.2019

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты. Бұл мәселе құрылыс нормаларында да қарастырылған.

Дегенмен бақылаудың аздығынан ереже орындалып жатқан жоқ. Оның үстіне сұйытылған газбен істейтін көліктердің саны күн сайын көбейіп келеді. Көлік иесінің қалтасына арзан болғанымен, айналасындағыларға қаупі артады. «Сондықтан мәселеге атүсті қарауға болмайды», - дейді Владимир Беккер.

Владимир Беккер, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Бізге тұрғындардан арыздар жиі түседі. Тұрғын үйлердің астында орналасқан тұрақтарда газдың иісі шығып тұрады. Бұл, әрине, қауіпті. Біз қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Алдымен нормативтік базаны кеңейтуді көздеп отырмыз. Бір көлік тұтанса, тұтас үйдің тұрғындарына қауіп төнуі мүмкін.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу