. Нақтырақ айтсақ, аймаққа қарасты Құрманғазы ауданында, шаруаның 2000 мыңнан астам еділбай тұқымдас қойы қауіпті індеттен арам өлді. Сәуір айында басталған ауру әлі де өршіп тұр. Өзге төрт түлікке де зиянын тигізген көрінеді. Бастапқыда аудандық мал дәрігерлері «күл» немесе «шешек» деген диагноз қойған. «Бірақ осы диагноз арқылы малға екпе жасалғанымен, нәтиже шамалы болды», – дейді шопандар. Шаруаларға нақты қандай көмек көрсетілетіні әзірге белгісіз.
Рухолла Есқалиев, шаруашылық иесі:
Қолтықтарына, бастарына жара түседі. Бір-екі күнде, екі-үш күнде өліп қалады. Не істейміз енді? Қолдан келер шара жоқ.
Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:
Аса қауіпті аурулар ұсақ малдарға қатысты белгілі болған жоқ, диагноз қойылған жоқ. Қосымша су, жер, шөп - соларды тексеру жұмыстары өткізіліп жатыр. Аса қауіпті аурулардың тізімі бар, сол бойынша егер малдың ауруы анықталған жағдайда, сол кезде ғана мал иесіне тиісті төлемақы төленеді.