БҚО-да қойға қасқыр шапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да қойға қасқыр шапты

13.11.2018

Батыс Қазақстанда бір отар қойды қасқыр қырып кетті. Шаруа қожалығы 40-тан астам асыл тұқымды малынан айырылып отыр. Оқыс жайт Сырым ауданына қарасты Аңқаты ауылы маңында болған. Малдың өлексесі ауылдан 7-8 шақырым қашықтықта табылған. Түз тағысы ел ішіне кірмеген. Өрістегі малға шапқан. 60 қойдың тек 19-ы ғана аман қалды. Қожалықтағы қой еділбай тұқымдас. Енді ауыл аңшылары көкжал аулауға кіріспек. Қазір қасқырлардың жемтік іздейтін маусымы.

Нұрлан Досанов, шаруа қожалығының басшысы:

- Ірі қара малды жинап жүріп, бір малшы қойдан айырылып қалған. Енді осындай жағдай болып жатыр. 60 қойдан 19-ы келді. Қалғаны жоқ. Іздедік, таба алмай жатырмыз.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

  «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу