1 шілдеден бастап Түркістан облысындағы полиция қызметкерлерінің айлығы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеден бастап Түркістан облысындағы полиция қызметкерлерінің айлығы өседі

30.05.2019

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды. Полиция департаментінде қазір штаттық қысқарту жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің саны 10 пайызға дейін азайтылмақ. Жалпы саны - 275 адам, оның 17-і басшылық қызметтегілер жұмыс орнын босатты.

Сонымен қатар, іссапарлардың бюджеті де қайта қарастырылып, 47 пайызға азайтылды. Ал үнемделген ақшаға өзге қызметкерлердің жалақысы өсіріледі. «Бұл жұмыс сапасының артуына да септігін тигізеді», - деп отыр мамандар.

Бахтияр Бөлеулиев, қоғамдық кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы:

- Қызметкерлерді басқарған кезде мынадай пропорция болуы керек. 54 қызметкерге 1 басшы болуы тиіс. Бұл - халықаралық стандарт. Қызметкерлер қысқартылған кезде олар далада қалмайды бұлар. Әрине, барлығына жұмыс тауып беріп, бәрі басқа жұмыстарға орналастырылып жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу