1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Өскемендегі «Үміт» балалар үйіндегі бүлдіршіндер қуанышқа кенелді. Оларды облыстағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/22 мекемесінің қызметкерлері құттықтап, сыйлық табыс етті. Қазіргі таңда бұл мекемеде 200-ге жуық тәрбиеленуші бар.
Тағдырдың жазуымен жетім атанған, көңілі жарым, жүрегі жаралы балғындарды әрбір мереке сайын құттықтау дәстүргі айналған. «Үміт» балалар үйінің ашылғанына келер жылы 30 жыл толады. Бұл күнге дейін осы алтын ұядан жүздеген бала үлкен өмірге жолдама алып, қанат қақты. Мейрам қарсаңында келген қонақтарды балалар да құрқол қайтармай, ән мен биден шашу шашып, өнерлерін паш етті.
Бақытжан Ниязбеков, ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ОВ 156/22 мекемесінің бастығы:
- Қандай дарынды балалар көп мына жерде. Оларға қолдау көрсетіп, кішкене демеу болу мақсатымен келген ойымыз бар. Бұл жердегі барлық қызметкерлерге де рақметімізді айтамыз. Алдағы уақытта осындай игі іс-шаралар жалғасын таба береді.
Берік КӨШЕРБАЙ