Қызылорда облысында 5 мың метр тереңдіктен мұнай бұрғылау қолға алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 5 мың метр тереңдіктен мұнай бұрғылау қолға алынбақ

28.05.2019

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін Үкіметке өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын таныстырды. Айтуынша, қолданыстағы мұнай-кен орындары 50%-ға сарқылып, мұнай 1,5-2 мың метр тереңдікте ғана бұрғыланып жатыр. Осы ретте аталған кен орындарында бұрғылау жұмыстарын тереңдету мақсатында тиісті геологиялық барлау-зерттеулер жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Байқоңыр кешенінде арнайы экономикалық аймақ құрылатын болса, Байқоңыр қаласы жалпы өңірдің экономикасын өсірудің локомативіне айналатынын жеткізді. Жалпы құны 219 млрд теңге болатын аймақты дамытудың кешенді жоспары бүгін Үкіметте бекітілді.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Онда көпсалалы өнеркәсіп және ғарыштық туризм салаларын дамытудың арқасында инвестициялар ағыны ұлғайып, жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Жоба үкіметаралық комиссия тарапынан қолдау тапты.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу