Италиядағы көлік апатында зардап шеккен 2 отандасымыз елге қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италиядағы көлік апатында зардап шеккен 2 отандасымыз елге қайтарылады

27.05.2019

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның сөзінше, апаттан зардап шеккен 2 әйел қазіргі уақытта Италиядағы ауруханада ем қабылдап жатыр.  Жағдайлары – орташа. Жандарында туыстары бар. Италиядағы Қазақстан консулы оларға барынша көмек көрсетіп жатыр. 

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 3-маусымынан бастап Қазақстан және Моңғолия астаналарының арасында тұрақты әуе рейсі ашылады. Ол әр аптаның бейсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. Ұшу уақыты бір бағытқа 3 сағат болады.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Италияндан диагнозын алдық. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Арнайы ұшақ жіберу үшін. Егер екі елдің дәрігерлері бір-бірімен келісіп, ұшаққа жарамды десе, онда жақын арада екі азаматшаны Қазақстанға жеткіземіз. Ал қалған азаматтардың 26-да туры біту керек еді. Елге келген болар. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу