Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті. Кездесу барысында Одақты дамытудың өзекті мәселелері, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Одаққа мүше елдердің көп қырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ