Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық қоғамды әл-ауқат саясатына тарту

17.05.2019

Астана экономикалық форумы аясында «Саяси ахуалға азаматтық қоғамды тарту» панельдік сессиясы өтті. Онда азаматтық қоғамның қазіргі ахуалы сөз болды.  Кез келген елде адамдардың сапалы әрі берекелі өмір сүруі үшін оның экономикасы мықты болуы керек. Ақпарат және қоғамдық даму Министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің алдында үлкен мақсат тұр. Ол азаматтардың әл-ауқатын жоғары деңгейге көтеру. Бұл стрегиялық миссияға қол жеткізу үшін елімізде билік пен бизнестің және азаматтық қоғамның арасында тиімді  өзара әрекеттестікке қол жеткізу керек.

Ақмарал Төлеубек

 

Хабарламаларға жазылу