Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының жұмысымен танысты

17.04.2019

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының жұмысымен танысты. Бас шаһар мен елдің орталық және солтүстік өңірлеріне газ осы Қызылордадан тартылған. 

Заманауи технологиялар пайдаланылған құрылыс ақпанда басталған еді. Осы айдың соңына дейін салынған құбырдың ұзындығы 120 шақырымға дейін жетпек. Айта кетейік, Қызылорда-Жезқазган-Карағанды-Теміртау-Нұр-Сұлтан  газ құбырын тарту жұмыстарына бүгінде мыңнан астам адам жұмылдырылған. Нысанда 350 дана техника жұмыс істеп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу