Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бірқатар нысандарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бірқатар нысандарын аралады

17.05.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиадалық жаттығу орталығына да барды. Мемлекет басшысына халықаралық қолжетімді стандарттар бойынша қайта жаңғыртылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай ыңғайластырылған жаттығу, ойын залдары, жүгіру жолағы, жекпе-жек және пауэрлифтинг аумағы бар паралимпиада орталығы таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайтынын әрі халықаралық ареналардағы біздің спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтып, жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар, Токиода өтетін Паралимпиадалық ойындарда жоғары деңгейде өнер көрсету үшін ұйымдастыру және қаржылық қолдау көрсетілетінін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиадалық жаттығу орталығына да барды. Мемлекет басшысына халықаралық қолжетімді стандарттар бойынша қайта жаңғыртылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай ыңғайластырылған жаттығу, ойын залдары, жүгіру жолағы, жекпе-жек және пауэрлифтинг аумағы бар паралимпиада орталығы таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев паралимпиадалық ойындарды мемлекет қолдайтынын әрі халықаралық ареналардағы біздің спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтып, жоғары бағалайтынын айтты.

Қазақстан Президенті «Боталы» отбасы денсаулығы орталығында болды. Мемлекет басшысына қаланың алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем желісінің дамуы және «Үйдегі дәрігер» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға, әсіресе, қала халқының тұрақты өсу жағдайында медициналық көмектің сапасын арттыру және оның қол жетімді әрі жақын болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті медициналық кабинеттерді, жеңілдікпен дәрі-дәрмектер берілетін дәріхананы аралап көрді. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияны қолданатын тіркеу бөлімінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №68 мектеп-гимназияға барды. Мемлекет басшысына елордадағы орта және мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі ахуалы мен оның келешек даму перспективалары, сондай-ақ, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдай жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Соның ішінде, балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру, мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауысу, оқу орнына кіруге арналған бірыңғай электронды карта және оқулардың тамағы мен жолақысы үшін ақшасыз төлем жүйесін енгізу сияқты үдерістерді онлайн форматына көшіру жөнінде айтылды. 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу