Болашақта жойылып кетуі мүмкін мамандықтар қатарында журналист мамандығы да бар. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Астана экономикалық форумында халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған сессияда осы ой айтылды.
Спикерлердің айтуынша, алдағы уақытта ғылымның кез келген саласында да тиктоникалық өзгерістер болады. Соған сай, классикалық мамандық түрлері құрдымға кетіп, орнына наномедицина қызметкері, ауа райы полицейі, ғарыш туризмі, виртуалды заңгер секілді жаңа мамандықтар пайда болмақ. Кім заман талабына сай болса, солар еш қиындықсыз жұмыс таппақ.
Ғабит БӨКЕНБАЙ