Қазақстанның бітімгершілік ротасы алмастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның бітімгершілік ротасы алмастырылды

14.05.2019

Бұған дейін Ливан жерінде әскери міндеттерін абыроймен атқарған азаматтардың орнын басқалары басты. Оларды еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастап барды. Енді 120 қазақстандық 6 ай бойы Араб елінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға күш салады.

Бітімгершілік ротамыз «ҮндҚазБат» батальонының жауапкершілік аймағында орналасқан. Яғни, Ливанның шығыс бөлігі. Бұл жер - халықаралық тұрғыда мойындалса да, шиеленісі көп аумақ. Сол үшін де «Көгілдір шекара шебі» деп аталады. Министр бітімгершілік міндетін атқаратын әскерилердің тұрмыс жағдайымен танысып, ротаны алмастыру барысын бақылады.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Біздің бітімгершілік ротаның нәтижелері өте жақсы. Үндістанның және Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштерінің жоғары деңгейдегі бағаларына ие болды. Әсіресе, олардың жауынгерлік даярлық деңгейі, тәртібі жоғары бағаланады. Қуантарлық жайт. Осыған байланысты біз жаңа 120 бітімгершілерді алып келдік.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу