Кез келген сайлаушы өзінің құқықтарын білуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кез келген сайлаушы өзінің құқықтарын білуі керек

10.05.2019

Кез келген сайлаушы өзінің құқықтарын білуі керек. Олай болмаған жағдайда саяси науқан кезінде кемшіліктер кетуі мүмкін. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі белсенді жұмыс істемек.

 

Бірлестік мүшелері тұрғындар арасында Конституция мен Сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіреді. Яғни, сайлаушылардың құқықтық сауатын арттырмақ. Мамандар «дауыс беруге қалай қатысады, егер құқықтары бұзылған жағдайда қайда бару керек?», деген секілді сұрақтарға жауап береді. 

 

Түсіндіру жұмыстары түрлі мемлекеттік мекемелерде семинар түрінде және халық көп жүретін орындарда жүргізіледі. Шараға қоғамдық бірлестіктің барлық өңірдегі құрылымдары атсалысады. 

 

Серік Ақылбай, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» РҚБ төрағасы:

Кейде біздің сайлаушылар келеді де, бір үйден бір адам келіп, бәрі үшін дауыс бере саламыз дейді. Бұл негізі әр адамның жеке құқығы. Сайлауға міндетті түрде бару керек пе деп сұрайтындар да бар.  Мысалы, Еуропаның кейбір елдерінде  сайлауға қатыспағаны үшін әкімшілік жаза да бар. Шындап келгенде, бұл азаматтық борыш. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

                                                          

Хабарламаларға жазылу