ҚР ОСК алдағы сайлауға жан-жақты әзірленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ОСК алдағы сайлауға жан-жақты әзірленген

11.12.2020

Кез келген сайлаушы орталық сайлау комиссиясының сайтына кіріп, өзінің қайда тіркелгендігін, қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін көре алады.  

Әр өңірдегі әкімшіліктің сайтында да бұл мүмкіндік қарастырылған. Саясаттанушылардың пікірінше, Орталық сайлау комиссиясының саяси науқанға дайындығы жан-жақты. Партияларды тіркеу, сайлау учаскелерін бекіту, сайлау комиссиясын тағайындау, ақпараттарды жариялау шаралары уақтылы өтуде. Ендігі кезекте әр партия халыққа өзінің жүйелі бағдарламасын таныстырып, қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:  
-Барлық партияларға теңдей мүмкіндік жасалды. Ең бастысы сайлау өзінің уақытында өтіп жатыр. Халықтың талабы да өсуде. Соған байланысты партиялар саяси бәсекеде белсенділік танытуы керек. Күрес, тартыс, талас, халықтың дауысы үшін әр күні жүруі қажет. 
ОСК сайлау

Хабарламаларға жазылу