Қапшағай қаласында 2 мыңнан аса адам батырларға тағзым ретінде шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай қаласында 2 мыңнан аса адам батырларға тағзым ретінде шерулетті

10.05.2019

Алматы облысының Қапшағай қаласында Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Халық Отан үшін от кешіп, қаза тапқан майдангерлерді еске алу үшін орталық алаңға жиналды. «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.

 

Сонымен қатар, 2 мыңнан аса адам батырларға тағзым ретінде шерулетті. Бұдан бөлек, ардагерлердің құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылып, театрландырылған көрініс қойылды. Соғыс жылдары ол кездегі шағын ғана ауылдан майданға 70-тен аса азамат аттанған екен. Қазір қалада небәрі 10 ардагер мен тыл еңбеккері қалған. 

 

Александр Максимов, соғыс ардагері:

Жеңістің ауылы жақындаған кез еді. Қару-жарағымызды сайлап, кезекті ұрысқа дайындалып отырдық. Бір кезде соғыс бітті деген дауысты естідік.  Бірақ, ешкім сенбеді. Біраз уақыттан кейін ғана аспанға оқ атып, жеңісті тойлай бастадық. Міне, содан бері Жеңіс күнін тойлап келеміз. Бүгінгі бейбіт өмір мен тыныштық тұрақтаған еліміздің аспаны әркез ашық болсын деймін.

 

Қарасай НҰРХАН

 

 

 

Хабарламаларға жазылу