Көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша беріліп отыр. Пәтер кілттері бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үлестірілді. Олардың ішінде 35 көпбалалы ана бар.
Отан қорғаушылар күні қуанышқа кенелгендердің арасында ауған соғысының ардагері Болатхан Сәттеров та бар. Жеті баланың әкесі мемлекеттің қамқорлығының арқасында үш бөлмелі пәтерге ие болды.
Болатхан Сәттеров, ауған соғысының ардагері:
- Жанұямыз үшін бүгін - бақытты күн. Бала-шағамызбен қуанып жартырмыз.
Жалпы биыл Жамбыл өңірінде 2 мыңнан астам адамды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй салу және инфрақұрылым тарту жұмыстарына 16,7 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 30 көппәтерлі үй салынады.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ