Таразда 80 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 80 отбасы баспаналы болды

22.01.2020

Олардың арасында оннан астам көпбалалы отбасы бар. Пәтер кезегінде тұрғандарға Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 15-ші ықшам ауданнан салынған үйлер берілді.  

Қазір Тараз қаласында пәтер кезегінде тұрған 18 мыңнан астам адам бар. Мемлекеттік жоба аясында биыл тағы 20 тұрғын үй салу жоспарда. Оның 10-ы несие арқылы берілетін үйлер болса, қалғаны тұрғын үй кезегінде тұрғандарға берілмек.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу