Мәжіліс депутаттарынан құралған жұмыс тобы Жамбыл облысында жұмыс сапарымен барды. Мәжілісмендер өңірдегі бірқатар нысанды аралап, жұмыстарымен танысты.
Мәселен, алыс-жақын шет елге гипс өнімдерін жөнелтетін жаңа зауытта бүгінде 30 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Өндіріс орыны жыл санап өнім көлемін де арттырып отыр. «Ал, құрылысы жүріп жатқан «Қаралма» шаңғы курорты еліміздің туристік кластерін дамытуға үлкен септігін тигізеді», - дейді депутаттар.
Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Екінші «Шымбұлақ» секілді демалыс орны ашылып, халық жиналып туризм орталығына айналып жатса, етектегі ауылдардың барлығына жұмыс бұл.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ