Ауыл жастарына ерекше басымдық берілуі тиіс. Аймақтардағы мектептерде білім беру сапасын арттырып, білікті мамандардың қатарын арттыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен пікірталаста осы проблемаға айрықша көңіл бөлінді. «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» деп аталатын әлеуметтік желі арқылы өткен тікелей эфир барысында жастар саясаты талқыланды. Жастардың білім алуы, жатақхана мәселесі, оларды тұрақты жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке баулу сияқты жас буынды алаңдатқан мәселелерге жан-жақты жауап берілді.
Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Біріншіден жастарға әлеуметтік көмек көрметуіміз керек. Бұл салада енді жастардың баспана мәселесі бар, дұрыс білім беруі мәселесі бар. Оларды жұмысқа тұрғызу мәселесі бар. Бұл - негізгі басымдықтарымыздың бірі.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ