ШҚО-да зағип балаларды оқытатын сынып ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да зағип балаларды оқытатын сынып ашылды

25.04.2019

Қазір облыста көзі көрмейтін және нашар көретін 30-ға жуық мектеп жасындағы бала бар. Осы уақытқа дейін олар Семей қаласындағы арнайы интернатта немесе үйде отырып оқыған. Мұндай сынып бұған дейін еліміз бойынша Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау және Қостанай қалаларында ашылған.

Өскемендік мұғалімдер көз жанарында мүкісі бар балалармен жұмыс істеу үшін арнайы дайынтықтан өтті. Ал, жаңа сыныпқа қажетті құрал-жабдықтарды жеке қайырымдылық қор сатып әперген. Қазіргі уақытта бұл сыныпта сынақ ретінде 4 бала оқып жүр. Алдағы күзден бастап мұнда 10-ға жуық зағип жеткіншек білім алмақ.

Мадина Тұрсиянова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Менің балам осы уақытқа дейін көзі көрмейтін жандарға арналған балабақша-мектепке барып жүрді. Ол жерде аптасына 2 рет мұғаліммен жеке отырып білім алатын. Ал, мұнда сабақ 5 күн бойы өтеді және сыныпта басқа балалар бар. Яғни, жаңа достары пайда болды. Баламның білім алуға деген құштарлығы артты.

Берік КӨШЕРБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу