Жайық өзенінің сағасында мұнай қалдығы төгілгені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзенінің сағасында мұнай қалдығы төгілгені анықталды

25.04.2019

Экологтар судан алған сынамада химиялық зат қалыпты мөлшерден бес есеге көп екенін дәлелдеді. Бұдан бұрын жергілікті тұрғындар өзенге жайылған майлы дақтардан үрейленіп, полицияға шағымданған еді. Кейін бүлінген аумақ қоршалып, судан бірнеше сынама алынды.

Әзірге майлы дақтың Жайық өзенінде қалай пайда болғаны белгісіз. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Нұрлы Исмаилова, облыстық Экология департаменті зертханалық талдамалы-бақылау бөлімінің басшысы:

- Чапаев атындағы Затон акваториясынан алынған судың химиялық талдауының нәтижелері мұнай өнімдері бойынша шекті рауалды концентрациядан асып кеткендігін көрсетті. Бірінші нүктеде – 5,6 есе, екіншісінде – 2,5 есе. Кінәлі адамдарды анықтау мақсатында осы оқиға бойынша тексеріс басталды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу